ЕЛБАСЫ САЯСАТЫ ЕЛ БОЛАШАҒЫ ҮШІН

Просмотров: 84

Бүгінгі күні тұғыры биік тәуелсіздікке бет бұрған ширек ғасырда бұрынғы мақсаттарымыз бен идеяларымызға қол жетті.

Алайда, жаhандық қиындықтарға қарамастан, мемлекетімізді одан әрі дамыту мен келер ұрпаққа селкеусіз күйде сыбағалау мақсатында, тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына жаңаша арманмен қадам бастық.

Бұл арман – жаңа ғасырдағы жаңарған Қазақстанды әлемнің аса дамыған отыз елінің қатарына қосу арманы. 

Мемлекетіміздің жаңа арманы бес институттық реформаны жүзеге асыру бойынша нақтыланған «100 нақты қадам» – Ұлт жоспарын жасаудан бастау алады.

Тәуелсіз әділ сот төрелігі мен Қазақстанның бүкіл құқық қорғау жүйесінің азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуге, заңдарды талапқа сай орындауға және құқық тәртібін нығайтуға бағытталуы – екінші реформаның мәні болып табылады.

Бұл бағытты заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету аясында «Сот жүйесі және судьялардың мәртебесі туралы» Конституциялық заңға, Қылмыстық-процестік кодекске қажетті өзгерістер енгізілді.

Сот реформасының маңызды қыры – сот төрелігінің бес сатылы жүйесінен үш буынды жүйесіне өтуі. Жоғары қадағалауды жүзеге асыратын прокуратура саласында да біршама оң өзгерістер орын алды.

Мәселен, қылмыстық істер бойынша сот актілерінің заңдылығын қадағалау, жалпы қылмыстық деректерді біртұтастандыратын «Заңдылық» ақпараттық жүйесі іске қосылды.

Аталған жүйенің маңыздылығы, қылмыстық істер бойынша мемлекеттік айыпты қолдаушылар үшін өте маңызды. Жаңа жүйе қылмыстық заңнамалардың талаптарына сай жасақталған және қазіргі таңда тәжірибеде күнделікті іске асырылуда.

Сотталушының әрекетінің дұрыс саралануы, тағайындалатын жаза мөлшері бойынша заң талабының сақталуы, сотталушының әрекетіндегі жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар, жаза өтеу кезіндегі қылмыстық атқару жүйесі мекемесінің түрі, барлығы да жаңа жүйеде толық қарастырылып, заңсыз сот актілерінің айқын анықталуына себеп болуда.

ҚР Президентінің тапсырмасының Ұлт жоспары – бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөнінде «100 нақты қадам» бағдарламасы бойынша әкімшілік және қылмыстық заңнаманы ізгілендіруге қатысты үлкен жұмыстар атқарылуда.

Осыған байланысты ведомствалық аралық жұмыс тобы құрылған, топтың ішіне Бас прокуратураның, Жоғарғы Соттың, Әділет Министрлігінің және құқыққорғау органдарының өкілдері кірген, олармен қылмыстық заңнаманы ізгілендіруге қатысты бір қатар ұсыныстар енгізілді. Негізгі басты ұсыныстардың бірі, олар қылмыстық процессте азаматтардың қорғану тәсілін жоғарылатуға, қылмыс процессінде тараптардың жарыспалылығын жоғарылатуға, алдымен адвокаттардың процесстік мүмкіндіктерін күшейтуге, сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында сот бақылауын күшейтуге байланысты. Осы ұсыныстар қылмыстық заңнаманы ізгілендіруге байланысты заңның жобасына енгізілді.

Мемлекет басшысының «100 нақты қадам» Ұлт жоспары тапсырмасының аясында, бес институттық реформалау арқылы Қазақстанды әлемнің дамыған 30 елінің құрамына енгізу үшін, Республикада құқық қорғау және қылмыстық процесті жаңарту, оның ішінде құқық қорғау және сот жүйесінде құқық беруші, кадрлық, ұйымдастырушылық және техникалық құрамның элементтерін ірі көлемде реформалау шаралары жүргізілуде.

Осы мақсатта құрамына Бас прокуратура, Жоғарғы Сот, Әділет министрлігі және құқық қорғау органдарының өкілдері кіретін ведомствоаралық қызметтік топ құрылып, қылмыстық процесті жаңартудың жан-жақты жолдары бойынша жүйелі жұмыстар әзірленді.

Басты бағыттар мыналар:

Қылмыстық процестегі азаматтардың қорғалуын арттыру;

Қылмыстық процестің ашықтылығын арттыру; ең алдымен қорғаушылардың процессуалдық мүмкіндіктерін кеңейту;

Сотқа дейінгі тергеу кезіндегі сот бақылауын арттыру;

Қылмыстық істердің тергелуін және қылмыстық процестің тиімділігін жеделдету.

Осы айтылғандар «Қазақстан Республикасының қылмыстық процесті құру» заңының жобасы болып табылады. Жұмыс барысында тәжірибесі мол Германия, Ұлыбритания, Эстония және Грузия сынды мемлекеттердің тәжірибелері зерттелді.

Қылмыстық процестегі проблемалардың басты бағыттарының бірі қылмыстық процестегі адамның құқықтарымен бостандықтарын қорғау деңгейін арттыру үшін күзетпен ұстау бұлтартпау шарасын қолданбау ұсынылып отыр. Күзетпен ұстау бұлтартпау шарасының қатаңдығын ескере отырып, оны тек басқа бұлтартпау шараларын қолдану мүмкін болмаған жағдайда ғана қолдану көзделген.

Басты факт жасалған қылмыстар қоғамға қауіптілігіне сәйкес болуы.

Ең алдымен қамаққа алу кәсіпкерлік саласындағы қылмыстар үшін қолданылмауы керек. Алайда, мұның ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысы болмауы қажет.

Бүгінгі күні облыс бойынша қолданылған бұлтартпау шараларының 85 % пайызы күзетпен ұстаумен байланысты емес, негізінен бұлтартпау шараларының 50 % пайыздан астамы «кепіл» құрап отыр.

Келесі басты бағыттардың бірі адамның құқығын, шектеу мәселесі, бұл оның конституциялық құқығына нұқсан келтіреді.

Бүгінде қолданыстағы заңнаманың нормаларына сәйкес адамды соттың санкциясынсыз 72 сағат ұстауға болады. Ал, соңғы өзгерістер бойынша бұлтартпау шарасы қолданылғанға дейін адамды ұстау мерзімін 48 сағатқа дейін төмендету көзделіп отыр, яғни 72 сағатқа дейінгі қалған уақытты күдіктенудің негізділігін тексеруге пайдалану қажет және сот санкция беруден бас тартқан

жағдайда ұсталғанды дереу босату керек.

Сонымен қатар, құқық қорғау органдарының тергеу көлемінен шығатын дәлелдемелер жинау тәжірибесін жою ұсынылып отыр. Егер қосымша анықталған фактілер бойынша дәлелдемелер жинау оларды жеке дара СДТБТ-не тіркелгеннен кейін жүргізіледі.

Құқық қорғау мәселесінде қылмыстық процестің ашықтығы аса маңызға ие. Бүгінгі күні адвокаттардың қызметтік деңгейлері қорғауындағылардың жағдайларын толық көлемде қорғауға мүмкіндік бермеуде. Осылайша, адвокаттар айыптау жағы сияқты сотқа дейінгі тергеуді жүргізетін тұлғаға байланысты болмайды. Қылмыстық процестегі адвокатураның ролі артқан сайын сотта істі

қару кезінде тараптардың тең құқылылығының дәрежесі артады, демек қорғау жүйесінің азаматтарға құқықтық қызмет көрсетуін де реформалау қажет.

Реформаның тағы бір бағыты – қылмыстық теріс қылықтар, айқын және маңызды емес қылмыстар өндірісін жеңілдету. Оның басты мақсаты қылмыстық теріс қылық және онша ауыр емес қылмыстыр бойынша қылмыстық сот өндірісіндегі негізссіз қиындықтар мен созбалаңға салуды жою.

Адамды өзіне қатысты жасырын тергеу әрекеттерімен таныстыру міндеті Германия тәжірибесіне сай қолға алынуда. Тергеу әрекетінің нәтижесі қандай болғанына қарамастан азаматқа оған қатысты жүргізілген жасырын іс-шаралар міндетті түрде хабарлануы қажет. Бұл жаңалық азаматтар аталған шаралардан зардап шеккен жағдайда шағымдануына және құқық қорғау органдарымен тергеу аумағынан шығатын материалдарды жи-

науды жоюға септігін тигізеді.

Бүгінгі күні прокурор және судья кепілді және үлгілерді мәжбүрлі алуды санкциялай алады. Тергеу органы және прокуратура айыптау актісін жасақтай алады және қылмыстық істі қысқарта алады.

Қызметтік қайталауларды жою жауапкершілікті күшейтеді. Осыған орай санкциялау мәселелерін толықтай сотқа беріп, күдікті тұлға болған жағдайда айыптау актісін жасақтау және қылмыстық істерді қысқарту мәселесін прокурорда қалдырған дұрыс.

Қайталауларды жою тергеу органдарының және прокуратураның жеке дара жауапкершіліктерін айқындайды.

Қорыта айтқанда, Елбасымен жарық көрген осы бір ұлт жоспары нақты 100-қадам бағытымен қызмет атқару арқылы Мәңгілік елге бет түзеу.

Ұлт жоспары – бұл мемлекетімізді кең ауқымды жаңғырту жобасы.

Ендеше, ширек ғасырлық тарихы тасқа жазылған елімізде мызғымас ынтымақтастық пен берік бейбітшілікте, жалпы қазақстандық ортақ шаңырағымыздың Ұлттық жоспарын жүзеге асыруға белсенді қатысайық.

Жалпы, Елбасымыздың Жолдауы халық тарапынан да қызу қолдауға ие болуда.

Себебі, Жолдауда аталған мәселелер ел болашағы үшін өте маңызды.

 

Дастан САРТАЕВ,

Маңғыстау облысының прокуроры,

3-дәрежелі мемлекеттік әділет кеңесшісі