Шығыс Қазақстан облысында алименттерді төлемеу мәселелері  туралы

Просмотров: 263

Алиментті төлемеу мәселесі Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасының тұрақты бақылауында. Қадағалау органы біздің аумақта алимент бойынша борышкерлердің неге көп екендігі және жыл сайын олардың санының арту себептерін анықтады. Прокуратура алимент төлемейтін отбасылардағы балаларға қалай көмектесетіні, борышкерлермен күрес үшін қандай арнайы жобаларды іске асыратыны туралы облыс прокурорының міндетін атқарушы Нұрлан Бижанов баяндап берді.

− Нұрлан Дәуренұлы, аумағымызда көптеген тұрғындар журналистерге бұрынғы жұбайларының алимент төлемейтіні жөнінде шағымданады. Қадағалау органына осындай арыздар көптеп түсе ме?

– Шын мәнінде айтсақ, осындай арыздар бізге көптеп түседі. Облысымызда 16 мың атқарушылық құжат тіркелген. 17 мың балаға алимент төленуі тиіс. Азаматтардың көбі алимент төлеу рәсімі туралы білмейді, себебі, баласымен бірге тұрмайтын борышкер қандай соманы төлейтінін, заң бойынша қалай тіркелетінін білмейді.

Алимент жалақыдан ұсталынып қалады. Ол отбасыда бала санына байланысты: бір балаға жалақы сомасынан үштен бір бөлігі, екі балаға төрттен бір бөлігі төленеді. Алимент бойынша төлемдердің жалпы сомасы жалақының жартысынан аспауы тиіс.

Аумақ бойынша борышкерлердің саны келесідей: 2015 жылмен салыстырғанда 2016 жылы борышкерлердің саны біршама өскен (29 мыңнан 31 мыңға дейін). Облыс прокуратурасы ата-аналарды алимент бойынша берешектерді толық және уақытында төлеуін ынталандыру мақсатында өткен жылы бірқатар жобаларды ұйымдастырды. Нәтижесінде борышкерлердің саны азайды. Бас прокуратураның

«Алименттерді төлемеуіне қарсы 30 адым» бағдарламасы және біздің «Алимент төле!» атты жеке жобамыз жүзеге асырылуда. Осы іс-шаралар шеңберінде біз мәселені жанжақты талдап, оны шешу жолдарын ұсынамыз.

− Неге  біздің  аумақта  осы  мәселе  өзекті  болып тұр?

–  Біз арнайы талдау жүргізіп, бірнеше себептерді анықтадық. Біріншіден, аумағымызда жылдан-жылға неке бұзылу саны өсуде. Сондай-ақ, алимент бойынша атқарушылық өндіріс ұзақ уақыт, тіпті бала кәмелеттік жасқа толуына дейін қаралады. Сондықтан, соңғы жылдары осындай істердің саны өсуде.

Көптеген борышкерлердің тұрақты жұмысы жоқ. Облыста 16 мың борышкерлердің 8 мыңы ғана жұмыс істемейді.

Сондай-ақ, мемлекеттік және жеке сот орындаушыларының лайықсыз жұмысы. Сот орындаушылары атқарушылық өндірісті созбалаңға салады, өз жұмысына үстірт қарайды. Сондықтан да прокуратураға сот орындаушыларының жұмысына көптеген шағымдар түседі.

− Алимент бойынша берешектердің санын азайту үшін прокуратура қандай шараларды қабылдайды?

–  Алдымен, бұл халықпен өзара іс-қимылдар жасау. Өткен жылы осындай бірнеше жобалар ұйымдастырылды. Біріншіден, қоғамда борышкердің теріс кейпін қалыптастыру қажет. Мысалы, қалада «Алимент төле!» үндеу баннерлерін көрген шығарсыздар, – біз осы шара арқылы ата-аналарды баласының алдындағы борышын өтеуін ынталандырмақшымыз. Сондай-ақ, бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде бейнекөрсетілімдер мен ақпарат орналастырамыз.

Ақпараттық жұмыстан басқа, шектеу шаралары да қолданылады. 3700 борышкерге шетелге шығуға тыйым салынды. 200 борышкерге көлік құралын басқаруға тыйым салынды. Қасақана алимент төлемейтін 500 борышкер әкімшілік жауаптылыққа тартылды. Ал, 9 борышкер қылмыстық жауаптылыққа тартылды. Осы кешенді шаралар нәтижелер беруде. Мысалы, өткен жылы аумақта алимент бойынша берешек 1,6 млрд теңгеден 990 млн теңгеге дейін азайтылды. Біз шамамен 3700 балаға көмектесті.

− Алимент төленбейтін балаларға қандай да бір қолдау көрсетіле ме?

— Біз нақты әрекеттер қабылдау керек деген қорытындыға келдік. Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы жергілікті атқарушы органдармен, жеке сот орындаушыларының аумақтық палатасымен, шаруашылық қожалықтарымен, қала, аудан кәсіпкерлерімен бірлесіп, «Алимент төле!» акциясы шеңберінде аз қамтылған, алимент төленбейтін балалары бар отбасыларына кеңсе тауарлары, дәрі-дәрмек, киім таратылды. Біз аумақта тұрып жатқан осындай 72 отбасыға және 36 балаға әлеуметтік көмек бердік, 14 баланы прокуратура өз қамқорлығына алып, қолдау көрсетеміз. Сондай-ақ, біз алимент төлемейтін жұмыссыз әкелерді жұмысқа орналастыруға ықпал етеміз. Жалғызбасты аналарға жәрдемақы алуға және балаларын бақшаға орналастыруға, көп балалы отбасыларды тұрғын үй алу кезегіне қоюға көмектемесіз. Атап өту керек, біз осындай жұмысты ірі қалаларда ғана емес, сондай-ақ, барлық аудандарда жүргіземіз, сондай-ақ, кішігірім елді мекендерді де қамтуға тырысамыз. Біздің бастамамыз туралы оңды пікірлер көп. Бұл жан-жақты жұмыс және біз оны әрі қарай жалғастырамыз.

−  Cұхбатыңызға рахмет!