«Заң және заман» журналы 1996 жылдан бастап шығады. Жарияланым тілдері – қазақ, орыс және ағылшын. Жылына 6 рет шығарылады.
Журналда құқық қорғау органдары қызметінің, өзге де мемлекеттік органдардың жеке мәселелері бойынша авторлық материалдар (ғылыми зерттеулердің нәтижелері, ғылыми-білім беру саласындағы алдыңғы қатарлы және инновациялық жетістіктер, практикалық қызмет бойынша талдаулар мен шолулар, құқық қорғау органдарының қызметін жарыққа шығаратын материалдар) жарияланады.
Журналдың меншік иесі болып Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдарының академиясы болып табылады.
Журналдың электрондық нұсқасы zan-zaman.kz. сайтына орналастырылады.
Журналдың негізгі мақсаты – құқық қорғау органдары қызметінің, өзге де мемлекеттік органдардың жеке мәселелері бойынша авторлық мақалалар мен материалдарды жариялау, сонымен қатар заң ғылымдарының және олардың жетістіктерін практикалық қызметке енгізуге бағытталған.
Журнал келесі міндеттерді шешуге қатысады:
— құқық қорғау органдарының қызметін жарыққа шығару;
— Академия қызметкерлері мен жұмысшыларының, білім алушыларының, қазақстандық және шетелдік ғалымдардың, сонымен қатар құқық саласы мамандарының ғылыми-зерттеулер нәтижелерін жария ету;
— ғылыми-білім мен өзге салаларындағы алдыңғы қатарлы және инновациялық жетістіктерді тарату.
Журнал: құқық қорғау органдарының, арнайы, сот және өзге мемлекеттік органдар қызметкерлеріне, оқытушыларға, ғылыми қызметкерлерге, білім алушыларға және басқа мүдделі тұлғалар мен көпшілік оқырмандарға арналған.